13 облыста өңдеу жұмыстары аяқталды
2,8 млн гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу бойынша қорғау іс-шаралары аяқталды, бұл болжанған көлемнің 110%-ын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, барлығы 15,8 млн гектар зерттелді. 13 облыста - Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Түркістанда жұмыс толығымен аяқталды.
Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында италиялық шегіртке түріне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.