Дәрі-дәрмек бағасы тағы қымбаттай ма

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері дәрі-дәрмектің бағасы 12 пайызға қымбаттаған

Фото: depositphotos.com

Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы, біз бұл нарық екенін түсінуіміз керек және барлық медициналық пункттер барлық шекті бағаларды ұстанады деп айта алмаймыз. Бірақ тұтастай алғанда, денсаулық сақтау министрлігі бекітілген бағалар шегінде қаражат бағасын ұстап қалуға тырысады. Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек бағасы өспейді. Алайда, бұл экономикалық өзгерістерге байланысты болады», - деді министр.

Айта кетейік, жыл басынан бері дәрі-дәрмектің бағасы 12 пайызға қымбаттаған. Ал медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 6860 дәріге шектік баға қойылғанын айтады. Қаңтар-мамыр айларында елімізде 70,9 млрд теңгенің дәрілік заттары өндірілген.