Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апатта зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр

Фото: depositphotos.com

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апатта зардап шеккен 31 жастағы қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан мәлм етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр. Екі науқас реанимация бөлімінде.