Ресейде Моңғолияға бара жатқан қазақстандық автобус өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 20 шілде күні болды

Фото: t.me/mchs_04

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Алтай Республикасы ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімет бойынша, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенуі туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те Автобус Астана – Баян-Өлгий (Моңғолия) бағытымен жүрді

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өз бетіншн эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Сағат 06:14-те өрт орнына Онгудай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт жойылды. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналасу пунктіне жеткізілді», – делінген хабарламада.