Оған белсенді қала жастары да қатысты
Ақтөбе қаласында бүгін «Taza Qazaqstan» Республикалық акциясы аясында «Таза жағалау» экологиялық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әрбір азаматтың экологиялық мәдениеттілігі жоғарлап, қоршаған ортаға деген қамқорлығы молая түсетін акцияға үкіметтік емес ұйымдар, «Жасыл ел» еңбек жасағы, қала әкімдігі және оған қарасты мекемелермен қатар өзге де белсенді қала жастары қатысып, Қарғалы өзенінің бойын қоқыстан тазартты.
Қала жастары «Табиғат тағдыры – ел тағдыры» екенін ұран етіп, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуға барша қала тұрғындарын шақырады.