Ақкөлде 15 жастағы қыз бала суицид жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 19 шілде күні болған

Фото: freepik

Ақмола облысында 15 жастағы қыз бала суицид жасады. Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады. Бұл туралы Azattyq Rýhy өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 19 шілде күні Ақкөл ауданында болған.

«Қазіргі уақытта 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.