Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, 19 шілдеде «Қалқаман-Керней» жол бағытымен келе жатқан «TOYOTA ALPHARD» жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып, «CHERY TIGGO 2PRO» көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Көліктер айып тұрағына қойылды. Полиция ЖКО бойынша тексеріс ашты.