Алакөл жағасында бүлдіршін құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында балаға көмекке келді

Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туылған қыз бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар партрульдеу кезінде баланы көлдің жағалауында тауып, оны ата-аналарына табыстады. Бала медициналық көмекке мұқтаж емес.

«ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!» - делінген хабарламада.