Руанда Президенті қызметіне қайта сайланды
Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі.