БҚО-да дүкен өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

БҚО өрт сөндірушілері өртті сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ

Орал қаласы Зашаған кентінде дүкендердің бірі өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар 40 ш.м. алаңын қамтыған өртті қысқа мерзімде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

«ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.