Су торабы да іске қосылады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысында жаңа су қоймасы мен су торабын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аманөткел ауылының жанына су торабы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдерін толтыру үшін салынады. Ал Қараөзек каналында жаңа су қоймасы пайда болады.
Ведомство Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын қайта жаңартуды жоспарлап отыр.
«2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистральдық каналының Сырдария өзенінен және Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округінен су беру үшін қосымша арналар салу жоспарлануда», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.