Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Былтыр секундына 6 текше метр су келген

Фото: Дмитрий Ермаков

Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Әйтек» су торабын аралап, Солтүстік Арал теңізіне су жіберу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта Солтүстік Аралға секундына 75 текше метрге дейін су жіберілуде. Былтыр секундына 6 текше метр су келген.

Министрдің айтуынша, бүгінде Сырдария өзені арқылы Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су келіп жатқандықтан осындай нәтижеге қол жеткізілді.