Бүгінге дейін 310 952 бала 1-сыныпқа қабылданды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау әлі жалғасып жатқанын еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.
«Бірінші сыныпқа алты жастан асқан балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады», - деп еске салды министрлік.
Сондай-ақ, бүгінге дейін 335 469 өтініш қабылданып, 310 952 бала 1-сыныпқа қабылданды.
Еске салайық, министрлік биылғы оқу жылындағы каникулдар датасын атады.