«Бірлестік-2024»: Ақтау қаласына Әзербайжаннан әскери делегация келді (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысында халықаралық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Фото: t.me/modgovkz/

Ақтау халықаралық әуежайында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов генерал-полковник Закир Гасанов бастаған Әзербайжан әскери делегациясын қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрлерінің алдында құрмет қарауыл ротасы сап түзеді. Әскери оркестрдің орындауында Әзербайжан мен Қазақстан мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен меймандар қымыз бен бауырсақтан ауыз тиді.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтті.

Әзербайжан қорғаныс ведомствосының басшысы «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына алғашқылардың бірі болып келді. Оның белсенді кезеңі шілденің 16-17 күндері өтеді.