Алматы облысында үйлерді ағын су басты

Автор: Azattyq Rýhy

Ауылды лайдан тазарту жұмысына 100-ден астам адам тартылды

Видеодан алынған кадр/ТЖМ

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, жағдайға мониторинг жалғасуда», - делінген хабарламада.

Жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.