Ол – әнші Ерназар Жұбан
Беларусте «Витебск-2024» эстрадалық ән орындаушылар байқауы аяқталды. Бас жүлдені молдовалық әнші Каролина Балан, ал бірінші орынды қазақстандық Ерназар Жұбан жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша, екінші орынды италиялық Марьям Танкреди мен ресейлік Екатерина Кузина бөлісті. Үшінші орын болгариялық Валерия Чучман мен беларусь Невена Пейковаға берілді.
Сондай-ақ, Венесуэла, Испания, Латвия, Словения, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Чехия және Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері байқаудың дипломанттары атанды.
Беларусь Президенті бекіткен «Славян үміті» арнайы сыйлығымен Латвиядан келген Kaleriya марапатталды.
Өнерпаздарды Ресей, Молдова, Мексика, Дания және Болгариядан келген танымал әншілер мен продюсерлер бағалады. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды.