Астанада тағы бір көше жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу бір тәулікке жалғасады

Фото: Azattyq Rýhy

Астана қаласының әкімдігі жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Келешек тұйық көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 15 шілдеде сағат 07:00-ден 16 шілдеде сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.