Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғындарға лас ауамен дем алуға тура келеді

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 15 шілдеде Қазақстанның шығысындағы екі қалада ауа ластануының жоғары деңгейі күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 15 шілдеде Өскемен және Риддер қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.

Метеорологиялық жағдайлар екі қаланың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.