Еуро-2024 чемпионатында Испания жеңіске жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Англия Еуро финалында қатарынан екінші рет жеңілді

Фото: Getty Images

Германияда өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда Испания құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Испания құрамасы сапында Нико Уильямс пен Микел Оярзабал гол соқты. Ал ағылшындар сапында Коул Палмер көзге түсті.

Айта кетейік, Испания құрамасы Еуропа чемпионатын тарихта төртінші рет (1964, 2008, 2012, 2024) жеңіп алды. Ал Англия Еуро финалында қатарынан екінші рет жеңілді.