Оқиға Жәнібек кентінде болды
БҚО-ның Жәнібек кентінде жасанды су айдынында су таситын көлікке су алу кезінде абайсызда құлап, 1970 жылы туған жүргізуші батып кете жаздады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, ер адамға дереу көмекке жақын жерде судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жүрген, № 21 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты А.С. Алимов келді.
«Ер адамға медициналық көмек қажет емес. ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.