Алматыда пәтер ұрылары видеоға түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға «Жетісу Парк» тұрғын үй кешенінде болды

Фото: istockphoto.com

Алматыда пәтер ұрыларының ұрлық барысы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласында пәтер ұрылары жүр. Олар пәтерлерді аралап, есік тұтқасын тартып көреді. Осылайша із қалдырады! «Жетісу Парк» тұрғын үй кешені», - делінген видео жазбасында.

Видеоға мән берсек, видеобақылау жүйесінен қорықпайтындары байқалады. Бет-әлпетін көрсетпес үшін қолымен бүркемелеп, кепка киіп алған.

Олар пәтерлердің бірінің есігін ашқаны видеоға түсіп қалды. Күдіктілер ұсталғаны әзірге белгісіз.