Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң түрде айыптады

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», – делінген хабарламада.