Балалардың судағы қауіпсіздігі: құтқарушылар үндеу жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды

Фото: istockphoto.com

ҚР ТЖМ балалардың судағы қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

ТЖМ мынандай ескерту жасады: Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар. 

Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері:  

  • шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды; 
  • қалқымалардан аса жүзуге болмайды; 
  • мас күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

«Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!» – делінген хабарламада.