Ормандағы өрт қауіпсіздігі: құтқарушылар сақтық ережелері туралы үндеу жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады

Фото: freepik.com

Ормандағы табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері – халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары. Ққтқарушылар сақтық ережелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар мынандай ережелер туралы еске салды:

  • орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады;
  • от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті. 

«Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрттің өте қауіпті! Табиғаттың тағдыры Сіздің қолыңызда!» – деп жазады ҚР ТЖМ.