Облыста КВИ жұқтырғандар саны 113-ке жетті
Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 12 жағдайы анықталды. Оның 3-еуі – Кеген ауданында, 8-і – Жамбыл ауданында, 1-еуі Қапшағай қаласында тіркелді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Науқастардың жасы 27 мен 56 жас аралығында. Олар Кеген аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы ауылдық аурухананың провизорлық стационарына, Шелек аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Олармен байланыста болған 55 адам оқшауланды», - деп жазылған хабарламада.
Жалпы, Алматы облысында КВИ жұқтырғандар саны 113-ке жетті.