Онда елімізді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты проблемалар талқыланды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық фармацевтикалық кәсіпорындарын өкілдерімен онлайн режимде кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрлікке сілтеме жасап.
«Кездесу барысында індеттің екінші толқынының ықтималдығы, эпидемиологиялық жағдай кезінде елімізді қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамту проблемалы талқыланды», - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, COVID-19 инфекциясының жаһандық індеті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды шетелден әкелуге кедергі келтіріп отыр. Сондықтан отандық фармациевтикалық және медициналық өнеркәсіптің алдында тұрған негізгі мақсат - импорт орнын басу және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемін шығару.