Семей машина жасау зауыты залалсыздандыру кешенін шығара бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Дезинфекциялау тоннелінің бірінші данасы Семейде халық көп жиналатын жерлерге орналастырылады

Семей машина жасау зауыты залалсыздандыру кешенін шығаруға кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Семей қаласының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының төрағасы Е.Сәлімовтің өтініші бойынша кәсіпорын залалсыздандыру кешеннің алғашқы партиясын шығарды.  Дезинфекциялық кешен - бұл металдан және поликарбонаттан жасалған тоннель. Онда жоғары қысымда дезинфекциялық ерітінді шашатын, бүріккіші бар сорғы станциясы орнатылған. Дезинфекциялау тоннелінің бірінші данасы Семей қаласына сыйға тартылып, халық көп жиналатын жерлерге орнатылмақшы», - деп жазылған хабарламада.

Қазір облыс және басқа да аймақтарды дезинфекциялық тоннельдермен жабдықтау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.