Qazaq Air әуе компаниясы 2 млрд теңгеге бағаланды

Автор: Azattyq Rýhy

«Самұрық-Қазына» қоры авиатасымалдаушыны вьетнамдық компанияға сатады

Фото: flyqazaq.com/o-kompanii/

Qazaq Air әуе компаниясы 2 млрд теңгеге ($4,1 млн) бағаланды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Самұрық-Қазына» қоры авиатасымалдаушыны вьетнамдық компанияға сатады. Сонымен бірге инвестор авиакомпания үшін 50 дана Boeing және Airbus ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Бұл мәміле бәсекелестікке және әуе билеттерінің құнына оң әсер етеді», - деді Қарабаев.