Депутат Жамбыл облысында су тасқынынан зардап шеккен Жаңатас қаласының тұрғындарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Гүлдара Нұрымова зардап шеккен тұрғындармен жүздесті

Фото: Гүлдара Нұрымова / Facebook

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысының Жаңатас қаласында су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Өткен демалыс күндері қалада қатты жауын жауып, су тасқыны 47 үйді, мектепті, 13 көшедегі 400-ден астам үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Гүлдара Нұрымова Жаңатас қаласына барып, зардап шеккен тұрғындармен жүздесті. Сондай-ақ ол жергілікті билік органдарының жұмысына ат салысып, қажет ресурстармен қамтамасыз етуге көмектесті.

Депутат Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын атап өтті. Дәлірек айтқанда, азаматтық қорғаныс қызметтерінің шамамен 300 қызметкері, 64 техника, 34 мотопомпа және бір дрон жұмылдырылған.

«Кеше мен қала тұрғындарымен сөйлестім. Елу отбасының мүлкіне зиян келгені анықталды. Д. Қонаев атындағы орта мектептің жертөлесі де су астында қалды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, шығынды есептеу үшін комиссия құрылды. Ең бастысы, адам шығыны жоқ», - деді депутат.

Айта кету керек, су ағыны «Жанатас – Саудакент» жолының бір бөлігін шайып кеткен, алайда қазір қозғалыс қалпына келтірілді.