Ішкі істер министрі Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады

Автор: Azattyq Rýhy

Сыйлық Космонавтика күніне орай табысталды

Фото: баспасөз қызметінен

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сенатор Талғат Мұсабаевқа марапат қаруын табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сізді елімізге сіңірген еңбегіңізбен құттықтаймыз және Қазақстан Үкіметінің шешімі бойынша тапанша табыс етеміз. Сіздің атыңыз республикамыздың тарихына лайықты жазылды», - деді Е.Тұрғымбаев.

Талғат Мұсабаевқа мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Үкіметтің қаулысы бойынша иір ойықты атыс қаруы табыс етілді.

Айта кету керек, Талғат Мұсабаев осыдан 19 жыл бұрын 28 сәуірде «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің командирі ретінде үшінші мәрте ғарышқа ұшып, алғашқы ғарыш турисін орбитаға алып шыққан болатын. Ғарышқа ұшқан осы сапар ғарыш туризмінің дәуірін ашты. Талғат Мұсабаевтың экипажы «Союз ТМ-31» кемесімен жерге оралды. Бұл 21 ғасырдағы және үшінші мыңжылдықтағы Жер ғаламшарынан ғарышқа алғашқы ұшу болатын. Сондай-ақ биыл Т.Мұсабаевтың ғарышқа алғаш ұшқанына 25 жыл толды.