Қызылорда облысында дүкен өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Дүкенде шыққан өрт сөндірілді

Фото: ҚР ТЖМ

Қызылорда қаласында дүкендердің бірінде шатыр өртенді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылардың күшімен өрт шақыру түскен сәттен бастап 30 минут ішінде жойылды.

«Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.