ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады
ҚР ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылар мынандай ережелерді еске салды:
«112 бірыңғай нөмірінен ескертулерін қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз. Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз», - делінген хабарламада.