Батыс Қазақстанда қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде ақпарат нақтыланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында қатты жел салдарынан ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатыры ұшып кетті. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, өңірде 7 шілде күні желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен.

«Соның салдарынан Тасқала ауданы Тасқала ауылында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық электр торабы подстанциясының шатыры сыпырылып түсті. Сондай-ақ Орал қаласында Б.Жұмағалиев көшесі 15-мекенжайында үш қабатты тұрғын үй, осы көше бойында «Колесникова» ЖК пельмен цехы, Алаш көшесі 57-мекенжайда салынып жатқан үш қабатты үйдің шатыры жұлынды. Қазіргі кезде ақпарат нақтыланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде», - делінген ТЖД хабарламасында.