«Аватар» мен «Титаниктің» продюсері Джон Ландау қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның өліміне қатерлі ісік себеп болған

Фото: WireImage

Әйгілі американдық кинопродюсер Джон Ландау 63 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Variety басылымына сілтеме жасап.

 Ландау Джеймс Кэмеронмен тығыз жұмыс істеді. Ол «Аватар» және «Титаник» сияқты үздік фильмдерді түсірді.

«Титаник» касса бойынша 1 миллиард доллардан астам қаражат жинаған алғашқы фильм болды. Соңғы жылдары Ландаудың «Аватар» фильмдер сериясын жалғастыру үшін белсенді жұмыс істегені белгілі.