Ресеймен шекарада кешеден бері 200-ге жуық жүк көлігі тоқтап тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде

Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында 6 шілдеден бастап Ресей Федерациясы бағытындағы «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұған не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің мәліметінше, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде», - делінген комитет хабарламасында.