Олимпиада ойындары: қазақстандық дзюдошылар қашан сынға түсетіні белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың күресетін ареналары да анықталды

Фото: Olympic.kz

2024 жылғы Париж Олимпиадасына сегіз қазақстандық дзюдошы жолдама алды. Олардың барлығы да жазғы ойындардың алғашқы аптасында сынға түседі. Olympic.kz дзюдошылардың жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Команданың басты қаһармандарының бірі – Елдос Сметов. Ол өзінің үшінші Олимпиадасына қатысады. Бұған дейін ол күміс (2016) және қола (2020) медаль иеленген.

Дзюдодан олимпидалық жарыс Париждегі Champ de Mars Arena-да өтеді. Бұл нысан «Уақытша сарай» атауын да алған. Спорттық нысан Марс алаңында орналасқан.

Бұл спорттық нысан көптеген спорт  түрлерінен бәсекелерді қабылдайды. Оның ішінде дзюдо спорты да бар. Сондай-ақ, 2024 жылғы Паралимпиада ойындары да осында өтеді.

Дзюдошылар бәсекесі өтетін арена Олимпиадалық ауылдан 11 шақырымда. Дзюдошылар додасы 27 шілдеде басталады. Сол күні Қазақстан командасының екі өкілі татамиге шықпақ. Екеуі де жүлдеге таласатын деңгейде.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын төмендегі дзюдошылар қорғайды:

Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).

Назарларыңызға дзюдошылардың жарыс кестесін ұсынамыз:

27 шілде (әйелдер – 48 келі, ерлер – 60 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі, Астана уақыты көрсетілген)

20.18 (финалдық блок)

28 шілде (ерлер – 66 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

29 шілде (ерлер – 73 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

30 шілде (ерлер – 81 келі, әйелдер – 63 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

1 тамыз (ерлер - 100 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

2 тамыз (әйелдер +78 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

3 тамыз (аралас командалық жарыс

11.00 (іріктеу кезеңі)

19.00 (финалдық блок)