Бүгінгі таңда канал қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Шардара ауданындағы 2Р-1 каналының сол жақ дамбасында пайда болған ақауды дер кезінде анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Осының арқасында канал дамбасын қайта қалпына келтіру үшін шұғыл түрде техникалар жұмылдырылып, апаттық жағдайдың алдын алды.
Бүгінгі таңда канал қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.