Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Беларусь Президентінің ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында Александр Лукашенконы Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.

«Қазақстан мен Беларусь екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы $1 млрд жақындап, кейде одан да асып түсті. Осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті.

Өнеркәсіптік кооперация аясында 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен $200 млн сомасына ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 10 бірлескен жоба іске асырылды. Тағы 4 ірі жоба іске асырылу сатысында», – делінген хабарламада.