Олар баттерфляй және шалқалай жүзуден бақ сынайды
Жүзуден Қазақстан құрамасының екі мүшесі Париж Олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтар болсақ, Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова төртжылдық додасында бақ сынайды.
Мусин 100 метрге баттерфляй және еркін әдіспен жүзуден сынға түседі.
Ал Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден өз күшін сынап көреді.