ШЫҰ саммиті: Астана әуежайы күшейтілген режимде жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Саммит 3-4 шілдеде өтеді

Фото: nn-airport.kz

Астана әуежайы ШЫҰ саммиті кезінде 3-4 шілдеде тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл үшін қосымша 100-ден астам қызметкер, сондай-ақ шет тілдерін білетін еріктілер тартылады», - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Саммит күндері теміржол вокзалдары штаттық жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосалқы әуежайлардың дайындығы көзделген.