Түркістан облысында бірнеше гектар жер өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Құрғақ шөптен өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысында құрғақ шөптің өртенгенін сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бәйдібек ауданының Ынтымақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта 5 гектар алаңда құрғақ шөп өртенді.

«Құтқарушылар өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар!» – делінген хабарламада.