ШҚО-да ер адам жартасқа шығып, өз бетінше түсе алмай қалған

Автор: Azattyq Rýhy

ШҚО-да құтқарушылар ер адамға көмекке келді

Фото: Видеодан скрин

Глубокое ауданында Ново-Үлбинка ауылының маңында 1991 жылы туған ер адам жартасқа көтеріліп, өздігінен түсе алмаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, көмекке келген құтқарушылар оны жартастан түсіріп, арнайы костюм кигізіп су қоймасы арқылы өткізген. Содан кейін оны облыс орталығына жеткізді.

«Саяхатшыға медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.