Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап берді

Azattyq Rýhy

Жаннұр Еңсебек 2021 жылдан кейін алғаш болып бұл рекордты қайталады

Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап берді
Фото: Алматы облысы Білім басқармасы

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылы №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды 140 балл жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан тарихынан - 20, Оқу сауаттылығы - 10, Математикалық сауаттылық - 10, екі бейіндік пәннен мүмкін болған 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.

Биыл 5 адам 138 ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет ҰБТ нәтижелері бойынша 140 балл жинаған – 2021 жылы Павлодар облысының мектеп бітірушісі, ал 2018 жылы Алматы қаласынан талапкер максималды балл алды.

ҰБТ басталғаннан бері тестілеу 264 мың рет өтті. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы емтиханды қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырды. 197 адам ағылшын тілін таңдады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.