Боливия: мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген 10 әскери қамауға алынды

Azattyq Rýhy


Халық бүлікшілерді қолдаған жоқ

Боливия: мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген 10 әскери қамауға алынды
Фото: Juan Karita/AP

Боливиялық құқық қорғау органдары 26 маусымда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деп күдіктелген он адамды қамауға алды. Үкімет ғимаратының алдындағы алаңға әскерилерді шығарған генерал Хуан Хосе Суньига 20 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronew-ке сілтеме жасап.

Боливияда мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деп күдікке ілінген он әскер қамауға алынды.

Сәрсенбі, 26 маусым күні Боливия қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал Хуан Хосе Суньиганың басшылығындағы әскерилер үкімет ғимаратының алдындағы алаңды басып алып, үкіметтің ауысуын талап етті.

«Суньига мырза, Арнес мырза және елімізге қарсы төңкеріс ұйымдастыруды жоспарлаған басқа да адамдар барлық беделін жоғалтты. Олардың әрекеттеріне ешкім сенген жоқ – бұқаралық ақпарат құралдары да, халық та. Оларға халықтық қолдау көрсетілмеді», – деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрі Карлос дель Кастильо дель Карпьо.

Боливия президенті Луис Арсе Хуан Хосе Суньиганы қызметінен босатып, қарулы күштердің жаңа қолбасшысын тағайындап, әскерилерге казармаға оралуға бұйрық берді.

Арсе халықтың бүлікшілерді қолдамағаны үшін алғыс айтты.

Боливиялық БАҚ үкімет ғимаратының алдындағы алаңға әскерлерді шығарған генерал Хуан Хосе Суньиганың 15-20 жылға сотталуы мүмкін екенін хабарлайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.