Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге қалаларда метеорологиялық ахуал бірқалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

26 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 26 маусым, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.