Ертең Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Сот отырысын қазақстандықтар тікелей эфир арқылы көре алады

Фото: ҚР Жоғарғы соты

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ертең, 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді. Бұл туралы Жоғарға соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.