Билет жоқ: Астанадан оңтүстік өңірлерге тағы қосымша пойыздар жүреді

Автор: Azattyq Rýhy

Атап айтқанда, Шымкент және Алматы бағыты бойынша қосымша пойыздар іске қосылды

Фото: Azattyq Ruhy/Марат Қалдыбаев

Астанадан еліміздің оңтүстік өңіріне қосымша пойыздар қатынайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігі берген ақпарат бойынша, пойыздар жаздың соңына дейін күн сайын №204/203 Астана — Шымкент және №202/201 Астана – Алматы бағыттары бойынша жүреді. Аталған шаралар жолаушылардың жаз маусымындағы сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Жол жүру билеттері болмаған жағдайда жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтындағы немесе билет кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.