Ертіс өзенінен тағы үш адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес

Фото: ҚР ТЖМ

Ертіс өзенін патрульдеу кезінде үш адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, Абай облысының құтқарушылары шомылу кезінде ағынмен кете бастаған 2009 және 2011 жылдары туған жас жігіттерді жағаға шығарды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.