Алматыда тәркіленген 250 млн теңгенің киім-кешегі мұқтаж отбасыларға үлестірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Киім-кешек экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында тәркіленген

Фото: баспасөз қызметінен

Алматыда мұқтаж отбасыларға киім-кешек үлестірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы бастама берген #BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясы шеңберінде және төтенше жағдай кезінде көмек қажет ететін жанұяларды қолдау мақсатында 250 млн теңгеден асатын заттық айғақ ретінде тәркіленген киім кешектерді үйлестіріп берді», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, балалар киімдері, аяқ киімдер, спорттық костюмдар, футболкалар экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында тәркіленіп, соттың үкімімен мемлекеттің меншігіне өткен болатын. Барлық киім-кешек балалар үйлеріне және қиын жағдайда қалып, көмек күтіп отырған отбасыларға үлестірілді.

Тегтер: