Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Эмомали Рахмон тиісті заңға қол қойды

Фото: depositphotos.com

Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл тыйым Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қол қойған «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заңда көрсетілген. Заңға сәйкес, тәжікстандықтарға ел мәдениетіне жат киім киюге тыйым салынған. Ел мәдениетіне жат киім ретінде хиджаб пен сатр аталған.

Ел президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, заң күшіне енген сәттен бастап тыйым салынған киімдерді Тәжікстанда киюге, сонымен қатар сатуға да болмайды.